"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

23.07.12 12:23
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 488 150 770 дана; - компанияның 484 150 770 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.