"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
23.07.12 12:23
/KASE, 23.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім
жүйесінің 2012 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 488 150 770 дана;
- компанияның 484 150 770 акциясы орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген
жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) болып табылады.