"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) MOL Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясына «Карповский Северный» АҚ акциялар пакетінің 49% сату туралы келісімге қол қойғанын хабарлайды.

19.07.12 15:05
/KASE, 19.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), 2012 жылдың 19 шілдесінде биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында-релиз былай деп хабарлады: цитата басы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») MOL Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясына «Карповский Северный» АҚ акциялар пакетінің 49% сату туралы келісімге қол қойғанын хабарлайды. «Карповский Северный» АҚ ҚР БатысҚазақстан облысында орналасқан «Карповский Северный» учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлау Келісімі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие. Аталған мәміленің нәтижесінде «Карповский Северный» блогында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатымен ҚМГ БӨ және MOL бірлескен кәсіпорын құрмақ. Бұл мәміле 2012 жылдың 26 маусымында өткен Директорлар кеңесінде бекітілген болатын. «Карповский Северный» АҚ акциялар пакетінің 49% бастапқы құнынан қымбат бағаға сатылады, алайда мәміленің ақтық құны мәміле жабылар алдында өзгеруі мүмкін. Бұл мәмілені ҚР Мұнай және газ министрлігі мақұлдап, мемлекет алғашқы болып сатып алу құқығынан бас тартып, ҚР және ЕО монополияға қарсы агенттіктері келісім беруі тиіс. «Карповский Северный» блогы Орал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта, Каспий маңы ойпатының сырт бөлігінде, Федоровский блогы және басқа да кеніштерге жақын орналасқан. Келісім- шартқа енген аумақтың көлемі 1670 шаршы шақырым. Бұған дейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, сейсмикалық және ұңғылық ақпараттарға қарағанда, учаскеде көмірсутектер бар. Қалған лицензиялық міндеттемелер екі барлау ұңғысын бұрғылау және сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бұл мәміле ҚМГ БӨ-ге аталған лицензия бойынша геологиялық тәуекелдер мен қаржылық міндеттемелерді MOL компаниясымен бірлесіп көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көршілес орналасқан Федоровский блогымен операциялық синергияға қол жеткізу мүмкін. Бұл блокта ҚМГ БӨ үлесі 50%, MOL үлесі 27,5%-ды құрайды. 2008 жылы Федоровский блогында 2008 жылы айтарлықтай газ конденсатының кеніші ашылды, консорциум операторы – MOL. Компанияның Бас директоры Алик Айдарбаев атап өткендей, «Карповский Северный» блогында жер қойнауын пайдалану құқының 49% сату – геологиялық барлау саласында тәжірибесі мол халықаралық мұнай-газ компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі біздің Стратегиямызға сәйкес келеді. Келешегі бар блоктарда геологиялық барлау жүргізу біздің қорларды арттырады. Компаниямыздың өсіп өркендеуіне қажетті барлық жағдайды жасау үшін біз көмірсутекке бай учаскелерді іздеп тауып, оларды сатып алуды жалғастыруға ниеттіміз» Контактная информация: «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87) Бақдәулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz «ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147) Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитатf cоңы [2012-07-19]