"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 13 шілдесінде Лондон қор биржасында 37 843 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады
16.07.12 17:07
/KASE, 16.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
16 шілдесінде биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында,
2012 жылдың 13 шілде күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ")
үшін орташа бағасы 18,13 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE)
орналастырылған 37 843 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері
Компания барлығы 8 373 003 ЖДҚ пен 16 965 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы