"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-на "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03D773 (KZ2C00000164, KMGZb3) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

16.07.12 11:39
/KASE, 16.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ-на (Алматы) өтініші негізінде 2012 жылдың 20 шілдесінен бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y03D773 (KZ2C00000164, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb3, 1 000 теңге, 248 650,0 млн теңге; 25.06.10 – 25.06.13; жарты жылдық купон жылдық 7,00 %; 30/360) маркет-мейкер мәртебесі берілді. Маркет-мейкер үшін минималды міндетті баға белгілеулер көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленді.