KASE 2012 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН УӘКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМІН АНЫҚТАДЫ

13.07.12 17:52
/KASE, 13.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2012 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен, 2012 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімі анықталды. Аталған шешімге сәйкес 2012 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізім өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен, 2012 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады: ------------------------------------------------------------------------- # п/п Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент Fi Ri Үлесі ----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- ----- 1 CCBN KZ1C36280010 " ЦентрКредит 62,8 1,0000000 11,2 Банкі" АҚ 2 GB_ENRC GB00B29BCK10 EURASIAN NATURAL 83,8 0,0535183 15,0 RESOURCES CORPORATION PLC 3 GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZAKHMYS PLC 83,8 0,0336501 15,0 4 HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық 83,8 0,2254526 15,0 жинақ Банкі" АҚ 5 KKGB KZ1C00400016 "Қазкоммерцбанк" АҚ 76,9 1,0000000 13,8 6 KZTK KZ1C12280018 "Қазақтелеком" АҚ 83,8 0,4056456 15,0 7 RDGZ KZ1C51460018 "ҚазМұнайГаз" 83,8 0,0293285 15,0 Барлау Өндіру" АҚ ------------------------------------------------------------------------- КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 13.07.12 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 01.07.12 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр. млн АҚШ долларында көрсетіледі. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.08.12 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр. Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі. Әдістеме мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.