ҚҰБ ҚҚК "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KMGZb2) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулерді және толықтыруларды тіркеді

13.07.12 17:11
/KASE, 13.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ (Астана), өзінің KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb2; 1 000 теңге, 120,0 млрд теңге, 30.10.09 – 29.10.19; құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,292 %; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулер мен толықтырулар көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау Комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 27 маусымында тіркеп, және аталмыш облигауиялардың айналымы және өтелуі туралы мәліметтердің өзгертілуі және толықтырылуына, сонымен қатар осы облигациялардың айналысқа енуі күнінен бастап облигациялар олардың эмитентінің бастамасымен сатып алынбайтын екі жылдық жеңілдік мерізімінің алынып тасталуына байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgzf9b2_izm_270612.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.