"HALYK FINANCE" АҚ 20 ШІЛДЕДЕ "ҚАЗСТРОЙСЕРВИС МГҚК" АҚ KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН АЛҒАШҚЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

13.07.12 16:44
/KASE, 13.07.12/ – "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ-ның (Алматы) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASSb2) облигацияларының андеррайтері болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ына (KASE немесе Биржа) ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ (Эмитент) бірінші облгиациялық бағдарлама аясында KZP01Y03E264 (KASSb2) облигацияларының бірінші шығарылымын "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде арнайы мамандандырылған сауда-саттықты өткізу арқылы ұйымдастырылған нарықта жалпы сатуға ұсынуды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өтетін күн - 20 шілде. Орналастыруға жарияланған көлемі 15 000 000 KZP01Y03E264 облигация (осы шығарылымның барлық облигациялары). Эмитент облигацияларды өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен жылдық 8 %-дан 9 % мөлшерінде орналастыруды жоспарлап отыр. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KASSb2. Эмитент кесімді бағаны сауда- саттық күнінің ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі – 70 %. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле көлемі http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі –кесімді баға бойынша. Бағалары кесімді бағамен тең немесе одан төмен бағамен берілген өтінімдер алынып тасталады. Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "Halyk Finance" АҚ келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз. "Halyk Finance" АҚ: Фархад Охонов (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz), Юлия Феллер (тел. 8(727) 330-62-12, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FellerY@halykbank.kz) Жанар Алтыбаева (тел. + 7 (727) 330-62-14, факс +7 (727) 259-05-93, e-mail: ZhanarA4@halykbank.kz)