KASE "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, BTAIb7) облигацияларын KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

13.07.12 13:00
/KASE, 13.07.12/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE немесе Биржа) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 13 шілдесінен бастап "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb7; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 13.07.05 – 13.07.12; жарты жылдық купон жылдық 8,40 %; 30/360) облигацияларын айналымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BY, KASE_BP және KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2012 жылдың 13 шілдесінен бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0071701 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 1,0085418, KASE_BY – 1,6070211. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0071505, KASE_BC үшін – 1,0085194 және KASE_BY үшін - 1,6076804 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу жоғарыда аталған шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, BTAIb7) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/kz/news/show/1170217 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.