"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" акционерлік қоғамының (Қазақстан) KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, BTAIb7) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

13.07.12 12:37
/KASE, 13.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 13 шілдесінен бастап "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, KASE ресми тізімі, "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb7; 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 13.07.05 – 13.07.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 8,40 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2005 жылдың 13 шілдесінен бастап "А" санаты бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына, ал 2010 жылдың 01 ақпанынан - "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2005 жылдың 14 шлідесінде ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 8,60 және 77,00 % аралығында құбылды. 2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 87-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,20 %) және корпоративтік облигациялардың осыға ұқсас рейтингінде 73-ші жайғасымға иеленді (0,31 %).