/KASE, 12.07.12/ – "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672,
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0
млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелінген
жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %, 30/360)
инфрақұрылымдық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын
"АТФБанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа)
"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ-ның 2012 жылдың 04 шілдесіндегі хатының
көшірмесін жолдады, хатта жетінші купондық кезеңге сыйақы төлеу
бойынша аталмыш облигацияларды ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін
орындауға қатысты қолданылып жатқан шаралар туралы хабарланған.
Аталмыш облигациялар шығарылымы аңдатпасына сәйкес "Досжан темір
жолы (ДТЖ)" АҚ 2012 жылдың 01 тамызынан 14 тамызына дейінгі аралықта
жетінші купондық сыйақыны төлеуі тиіс.
"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ аталған хаты KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_letter_040712.pdf мекен-
жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ "Шар - Өскемен
станциясы" жаңа темір жол желісін салу және қолданысқа беру жобасын
жүзеге асыру үшін ақша алу мақсатында шығарғанын еске саламыз.