"Amanat Insurance" cақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) 2,0 млрд теңге көлемінде ірі мәмілелер жасасуды көздеді

11.07.12 15:11
/KASE, 11.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Amanat Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Биржаға жолдаған ресми хатында "сақтандыру бойынша сомасы 2 004 877 142 (екі миллиард төрт миллион сегіз жүз жетпіс жеті мың жүз қырық екі) теңге көлеміндегі ірі мәміле жасасуды көздеді" деп мәлімдеді.