/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ 10 ШІЛДЕ КҮНІ "ҚАЗСТРОЙСЕРВИС МГҚК" АҚ KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ АЯСЫНДА ПОТЕНЦИАЛДЫ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТКІЗЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.07.12 10:46
/KASE, 10.07.12, 04.07.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі (KASE немесе Биржа) "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), бүгін Биржаға аөпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ (Алматы) (Эмитент) бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі KZP01Y03E264 (KASSb2) облигацияларының бірінші шығарылымының андеррайтері "Halyk Finance" АҚ аталмыш облигацияларды орналастыру аясында потенциалды инвесторлар үшін презентация өткізілетіні туралы хабарлайды. Осы презентация 10 шілде күні сағат 15:00-де Алматы қ. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ының Абай даңғ., 109 "В", 5-ші қабат, 503 к. мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратында өтеді. Презентацияға Эмитент басшылығының өкілдері қатысады, олар қатысушыларға Эмитент туралы, оның қызметі мен жоспарлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруді көздеп отыр. Презентацияға қатысуға тіркелу бойынша барлық мәселелерге қатысты "Halyk Finance" АҚ келесі өкілдерімен байланысуыңызды сұраймыз: Фархад Охонов (тел. +7 (727) 330-01-52, факс +7 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz), Юлия Феллер (тел. +7 (727) 330-62-12, факс +7 (727) 259-05-93, e-mail: FellerY@halykbank.kz), Жанар Алтыбаева (тел. + 7 (727) 330-62-14, факс + 7(727) 259-05-93, e-mail: ZhanarA4@halykbank.kz). "ҚазСтройСервсис МГҚК" АҚ Қазақстан Республикасы мұнайгаз индустриясының жетекші инженерлік-құрылыстық компаниясы болып табылады. "ҚазСтройСервсис МГҚК" АҚ негізгі қызметі - құбырлардың, мұнайөңдеуші зауыттардың, мұнайгаз саласына арналған жағалау құрылымдарының құрылысы. Қазіргі уақытта Эмитент өзінің жергілікті қатысын және өңірде де, сондай-ақ шетелде де халықаралық серіктестікті күшейтуде.