"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ынан өзінің 40,0 млн артықшылықты акциясын бір акцияға 180,21 теңге бағасымен кері сатып алғаны туралы хабарлады

05.07.12 17:43
/KASE, 05.07.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), , Биржаға 2012 жылдың 05 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Халық банкі") осы құжат жүзінде 2012 жылдың 05 шілдесінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - "Самұрық- Қазына Қоры") өзінің 40 000 000 дана артықшылықты акциясын бір акцияға 180,21 теңге бағасымен жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге кері сатып алғаны туралы хабарлады (бұдан әрі – "Сатып алу"). Бұдан бұрын 2012 жылдың 29 маусымында Халық банкі Самұрық-Қазына Қорынан 150 000 000 дана артықшылықты акциясын жалпы сомасы 27 млрд теңгеге кері сатып алған болатын. Сатып алу Халық банкінің ірі акционері "АЛМЭКС" холдингтік тобы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Алмэкс") мен Самұрық-Қазына Қоры арасындағы 2009 жылдың 22 сәуірінде Халық банкінің артықшылықты пецияларына қатысты жасалған опциондық келісімге (бұдан әрі - "Опцион") сәйкес жасалған. Бұрын хабарлағанымыздай, Халық банкі Опционды Алмэкстен толығымен алды. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_050712.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_050712_en.pdf – ағылшын тілінде.