"Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP04Y10B467 (KZ2C00001428, CSBNb8) облигациялары бойынша 6-шы купонын төлеуі туралы хабарлады
05.07.12 10:27
/KASE, 05.07.12/ – "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 02 шілдесінде
өзінің субординацияланған KZP04Y10B467 (KZ2C00001428, KASE ресми
тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының
бірінші санатшасы, CSBNb8; 100 теңге; 6,0 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.19,
инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық
кезеңге жылдық 10,00 %, 30/360) облигациялары бойынша алтыншы
купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE немесе
Биржа) хабарлап, ресми хат жолдады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
298 500 000,00 теңгені құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және Биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар
эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды.
Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың
растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, Биржаға ресми хат жолдауы тиіс.