"KazTransCom" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y03D492 (KZ2C00000982, KZTCb2) облигацияларын өтеуі туралы хабарлады

05.07.12 10:22
/KASE, 05.07.12/ – "KazTransCom" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE немесе Биржа) жолдаған ресми хатында 2012 жылдың 03 шілдесінде өзінің KZ2C0Y03D492 (KZ2C00000982, KZTCb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.07.09 – 02.07.12; төрт айлық купон жылдық 10,00 %; 30/360) облигацияларын өтегені туралы хабарлады, аталмыш облигациялар бойынша соңғы – тоғызыншы купондық сыйақы төленді. Айтылмыш хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төленген жалпы соманың көлемі 2 902 612 666,66 теңгені, соның ішінде негізгі берешек (облигацияның жиынтық номиналды құны) 2 808 980 000,00 теңгені, ал он төртінші купондық сыйақының сомасы – 93 632 666,66 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және Биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, Биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс.