KASE күндізгі сессиясы: EURKZT_TOD = 188,55, RUBKZT_TOD = 4,6509, USDKZT_1_002 – +0,02/0,00

04.07.12 17:18
/KASE, 04.07.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE): - есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD), - есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублі бойынша (RUBKZT_TOD), - валюталық своп операциялары бойынша (USDKZT_1_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. EURKZT_TOD үшін бұл сессия қосымша сессия болып табылады. 2012 жылдың 04 шілдесі АҚШ-та мереке күні (Тәуелсіздік күні) болуына байланысты бүгін Биржада есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары (USDKZT_TOD), есептесуі Т+0 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD) сауда-саттықтар, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 валюталық своп операциялары өткізілген жоқ. Есептесуі Т+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 188,55 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 200 мың еуроны құрады. Есептесуі T+0 теңгемен Ресей рублінің орташа сараланған бағамы бір рубльге 4,6509 теңгені, сауда-саттық көлемі 30 000 мың. рубльді құрады. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде сұраныс бағасы +0,02 теңгені құрады, ал ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады; - EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтіне KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.