"ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774, KASSb2) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

04.07.12 12:53
/KASE, 04.07.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 03 шілдесіндегі шешімімен "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ (Алматы) KZP01Y03E264 (KZ2C00001774; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 3 жыл, жарты жылдық купон жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде 2012 жылдың 28 мамырында жалпы сомасы 40,0 млрд. теңгеге тіркеген "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі бірінші шығарылымы және аталмыш эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигациялардың екінші шығарылымы болып табылады. "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ атамыш рблигациялар бойынша қаржы кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "ҚазСтройСервис МГҚК" АҚ тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға KASSb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб- сайтында жарияланады.