KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOM = 149,53 (+0,08), EURKZT_TOD – 188,30/188,70

04.07.12 12:27
/KASE 04.07.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOM) АҚШ доллары, есептесуі Т+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро және есептесуі Т+1 АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) еуро бойынша бойынша таңертеңгілік сессиясы аяқталды. Бүгін АҚШ-та мереке күні (Тәуелсіздік күні) болуына байланысты Биржада есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары және есептесуі Т+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін осы сессия 2012 жылдың 04 шілдесінде негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты. Есептесуі T+1 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 149,53 (+0,08 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 86 500 мың. USD (+12 200 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраныс бір еуроға 188,30 теңгені құрады, ал ұсыныс - бір еуроға 188,70 теңгені. Есептесуі T+1 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.