"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания" ЖШС-нің 100 пайыз қатысу үлесін алғаны туралы хабарлады
03.07.12 17:51
/KASE, 03.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 03 шілдесіндегі
баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
цитата басы
Бүгін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Батыс Қазақстан облысындағы кенішті игеріп
жатқан Karachaganak Petroleum Operating (КРО) консорциумының 10 пайызына
ие "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі
компания" (ӨБТКҮБК) ЖШС-нің 100 пайыз қатысу үлесін иеленді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарашығанақ кенішіндегі мердігерлік
компаниялар (BG Group, Eni, Chevron, ЛУКОЙЛ) Karachaganak Petroleum
Operating консорциумының 10 пайыз акциясын 2011 жылдың 14 желтоқсанында
қол қойылған "Реттеу туралы келісімдегі" "кейінге қалдырылған шартқа"
сәйкес Қазақстан Республикасының пайдасына шешілді.
Ал, Қазақстан Республикасы өз кезегінде Karachaganak Petroleum Operating
консорциумындағы 10 пайыз акцияны жаңадан құрылған "Өнімді бөлу туралы
түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания" (ӨБТКҮБК) ЖШС-не,
ал ол өз кезегінде ұлттық мұнай-газ операторы болып табылатын
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-на табыс етті.
Осының нәтижесінде Қарашығанақ консорциумындағы қатысу үлесі төмендегідей
болып шықты: BG Group - 29,25% (бұрын 32,5%), Eni - 29,25% (бұрын 32,5%), Chevron - 18% (бұрын 20%), ЛУКОЙЛ - 13,5% (бұрын 15%), "ҚазМұнайГаз"-10%.
Осылайша "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Karachaganak Petroleum Operating консорциумының
қатысушысы болып табылады және кенішті одан әрі игеру ісінде Қазақстан
Республикасының мүддесін қорғайтын болады.
Халықаралық КРО консорциумы 1997 жылы қол қойылған және 40 жылға
есептелген Өнімді бөлу жөніндегі келісімге сәйкес Қарашығанақ кенішін
игеруді жүзеге асыруда. Қарашығанақ кеніші – әлемдегі ең ірі кеніштің бірі,
мұнда мұнайдың қоры – 1,2 млрд тонна, газ – 1,35 трлн текше метр.
цитата соңы