Еуразиялық даму банкі өзінің 2011 жылдағы қызметінің нәтижелерін жариялады

03.07.12 15:51
/KASE, 03.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, Биржаға 2012 жылдың 03 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер 2011 жыл Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) үшін сәтті болғанын көрсетеді. Мұндай қорытынды ЕАДБ өткен жылға жылдық есебінде берілген. Жылдың қорытындылары бойынша ЕАДБ инвестициялық портфелі үштен бір бөлікке өсіп, 3,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте ол он сегіз жобамен толықтырылды, олардың бірқатары қатысушы-мемлекеттер үшін де, олардың негізгі өңірлері мен экономика салаларының дамуы үшін де бірінші кезекті маңыздылыққа ие. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_030712.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.