KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) Бозшакөл кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталғаны туралы хабарлады

03.07.12 16:54
/KASE, 03.07.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 03 шілдесіндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткізілген "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атты телебайланыстың барысында Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК құрылысын бастау рәсімі өтті. Құрылыс орнында дәстүрлі капсула орнатылып, кең ауқымды жобаны бастауға ресми түрде жол берілді. Алғашқы өнім 2015 жылы шығарылатын болады. Бозшакөл жобасына жұмсалатын капиталды шығын шамамен 1,8 млрд.АҚШ долларын құрайтын болады. Кен орнын пайдалану мерзімі 40 жылдан аса уақыт аралығын қамтиды. Оның өнімділігі жылына орта есеппен 75 мың тонна мысты құрамақ. Бұл жобаны іске асыру үшін 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кен өндіру ісінде бастапқы кезде келесі тау-кен жабдықтары қолданылатын болады: 140 тонналық жүкті өздігінен түсіре алатын 18 мәшине (9 жыл пайдаланылғаннан соң парк 180 тонналық жүкті өздігінен түсіре алатын мәшинелермен жаңартылатын болады), жарылғыш ұңғымаларға арналған 4 бұрғылаушы қондырғы, шынжыртабанды және дөңгелекті бульдозерлер. Сульфидті кендерді өңдеу кезінде мыс өндірісінде қолданылатын бірден-бір ең ірі машиналар пайдаланылатын болады. Карьерлерді биіктігі 10 метрлік кертпештер түрінде өңдеу көзделіп отыр. Оларды әрқайсысының салмағы 350 тонна, ал шөмішінің көлемі 19 текше метрді құрайтын электр өткізгіш төрт гидравликалық экскаватор өңдейтін болады. 2013 жылы үгіткіштер мен олардың редукторсыз тартпасы құрастырылады. "Қазақмыс Тобы бүгін өзінің әлемдік деңгейдегі ең ірі жобасын бастап отыр. Үш жыл бойы жүргізілген құрылыс жұмысының нәтижесінде біз қазіргі мыс өндірісінің шамамен үштен бірін тек Бозшакөлдің өзінен-ақ өндіре алатын боламыз. Тау-кен индустриясындағы озық технологияларды қолдана отырып, Бозшакөл кешенін салу - бұл тау-кен металлургия кешенін дамытуға қосылған қомақты үлес", - деді "Қазамыс Корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Мақсұт Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +77 27 3304 556 Зульфира Мухамедьярова Астанадағы корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Тел: +71 72 7908 13 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: + 44 20 7726 8400 цитата соңы