"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) екі бір тізбекті жоғары вольтті электр тарату желілерінің құрылысы басталғаны туралы хабарлады

03.07.12 11:51
/KASE, 03.07.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 29 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабрлады: "Батыс Транзит" АҚ "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының № 4 балқыту цехын сырттай электрмен қамтамасыз ету үшін ВЛ 220 кВ екі бір тізбекті жоғары вольтті электр тарату желілерінің құрылысы басталғаны туралы мүдделі тұлғаларға мәлімдейді. Аталмыш құрылысты қаржыландыру үшін 2012 жылдың 18 маусымында "Батыс Транзит" АҚ және Еуразиялық Даму Банкі арасында 3,1 млрд. теңге сомасына қайта жаңғыртылмайтын несие желісін ашу туралы несие келісім- шарты жасалды. ВЛ 220 кВ электр тарату желілерінің құрылысы қазіргі уақытта қолданылып жүрген ВЛ 500 кВ "Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы" өңіраралық электр тарату желісін пайдалану мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, оны толық жүктеуге жол ашады.