"KazTransCom" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03D492 (KZ2C00000982, KZTCb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

02.07.12 16:41
/KASE, 02.07.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2012 жылдың 02 шілдесінен бастап "KazTransCom" АҚ (Алматы) KZ2C0Y03D492 (KZ2C00000982, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, KZTCb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 01.07.09 – 01.07.12; төрт айлық купон жылдық 10,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2009 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша енгізілді. Олардың сауда- саттығы 2009 жылдың 14 қыркүйегінен бастап ашылды.