"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ынан өзінің 150,0 млн артықшылықты акциясын бір акцияға 179,94 теңге бағасымен кері сатып алғаны туралы хабарлады

29.06.12 17:25
/KASE, 29.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), Биржаға 2012 жылдың 29 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Халық банкі") осы құжат жүзінде 2012 жылдың 29 маусымында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - "Самұрық- Қазына Қоры") өзінің 150 000 000 дана артықшылықты акциясын бір акцияға 179,94 теңге бағасымен жалпы сомасы 27 млрд теңгеге кері сатып алғаны туралы хабарлады (бұдан әрі – "Сатып алу"). Сатып алу Халық банкінің ірі акционері "АЛМЭКС" холдингтік тобы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Алмэкс") мен Самұрық-Қазына Қоры арасындағы опциондық келісімге (бұдан әрі - "Опцион") сәйкес жасалған. Бұрынырақ Халық банкі Алмэкстен 7,1 млрд. теңге сомасында Опцион алған. Опцион Самұрық-Қазына Қорынан 2014 жылға дейін Халық банкінің 196 232 499 артықшылықты акциясын сатып алу құқығын береді. Бұл акцияларды Самұрық-Қазына Қоры жалпы сомасы 33 млрд теңгеге мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында сатып алған болатын. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_290612.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_290612_en.pdf – ағылшын тілінде.