Fitch "қазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) рейтингілік бағалауларын растады, болжам "Позитивті"

29.06.12 16:15
/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 28.06.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы, Қазақстан (бұдан әрі - "ҚМГ ҰК") шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингін ("ЭДР") тиісінше "BBB-" және "BBB" деңгейінде растады. Сондай-ақ, агенттік компанияның шетелдік валютадағы артықшылықты қамсыздандырылмаған рейтингін "ВВВ - " деңгейінде, сонымен қатар шетелдік валютадағы қысқамерзімді ЭДР "F3" деңгейінде растады. Ұзақмерзімді ЭДР бойынша болжам - "Позитивті". Fitch пікірінше, ҚМГ ҰК мемлекетпен айтарлықтай мықты байланыста болғанымен, тұрақты заңды байланыстың (мәселен, тікелей кепілдіктердің) болмауынан компанияның рейтингілері "Бас және еншілес құрылымдардың рейтингілері арасындағы өзара байланыс" атты Fitch әдістемесіне сәйкес, тәуелсіз рейтингілермен толығымен байланыса алмайды. Соның салдарынан, ҚМГ ҰК рейтингілері Қазақстан Республикасының шетелдік және ұлттық валютадағы рейтингілерінен ("BBB"/болжам "Позитивті"/"F3"/"BBB+"/болжам "Позитивный") бір саты төмен тұрады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1169491 мекен-жайы бойынша танысуға болады.