KASE алтыншы шығарылымның МЕУЖКАМ-204 (KZKAKY170066) Пропорционалды қанағаттандырылатын бағалы қағаздар тізіміне қосты

26.06.12 18:13
/KASE, 26.06.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Басқармасының 2012 жылдың 26 маусымындағы шешімімен Пропорционалды қанағаттандырылатын бағалы қағаздардың тізіміне (бұдан әрі - Тізім) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алтыншы шығарылымның МЕУЖКАМ-204 (KZKAKY170066) мемлекеттік ұзақмерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері енгізілді. Аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2012 жылдың 28 маусымында өтеді. Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағидаға сәйкес (2012 жылдың 11 маусымынан бастап күшіне енген № 7 өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда), Тізімнің бағалы қағаздары бойынша шектелімді өтінімдер өтінімідерді қабылдау мерзімінің ішінде берілген болса, бағасы тең болған жағдайда, өтінімді беру уақытына қарамай, олардың көлемдеріне пропорционалды қанағаттандырыладытынын еске саламыз.