KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) өзінің 2 219 жай акциясын GB00B0HZPV38 (GB_KZMS) Лондон қор биржасындағы сауда-саттық жіберу туралы өтінім жасағаны туралы хабарлады

26.06.12 10:30
/KASE, 26.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 25 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс әрқайсысының бағамы 20 пенс болатын компанияның 2219 қарапайым акцияларын тіркелген құнды қағаздардың негізгі нарығы Лондон Қор Биржасына шығаруға тапсырыс беретіндігі жайлы хабарлайды. Акциялар 2012 жылдың 26 маусымы күні саудаға шығарылады деп күтіледі. Бұл акциялар, акцияларды айырбастау және акцияларды қолма-қол ақшаға сатып алу процесінде "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС миноритарлық акционерлер үшін шығарылған болатын. Бүгінгі күні, Қазақмыс ПЛС 11310830 қазынашылық акцияларды иеленіп, шығарылған 523716131 қарапайым акцияларды да иеленеді (қазынашылық акцияларды есепке алмағанда). Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Максут Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +77 27 330 4552 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы