KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) KPMG Audit Plc өзінің аудиторы ретінде тағайындалғаны туралы хабарлады

26.06.12 10:23
/KASE, 26.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 25 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс ПЛС Директорлар кеңесі (бұдан әрі "Директорлар кеңесі") KPMG Audit Plc компаниясының (бұдан әрі "KPMG") Қазақмыс ПЛС (бұдан әрі "Топ") аудиторы ретінде тағайындалғандығы жайлы хабарлап отыр. 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Топтың бас аудиторы Ernst&Young LLP компаниясы болып келген. Топтың аудит жөніндегі Комитетінің ұсынысы бойынша Директорлар кеңесімен аудиторлық қызметтер көрсететін компанияны таңдаудың ресми тендерлік рәсімі өткізілген. Тендердің нәтижесінде Ernst&Young LLP компаниясы Топтың аудиторы өкілеттіктерінен босатылды, ал КPMG компаниясы оны өзіне қабылдады. Барлық акционерлер тиісті хабарламаларды алды. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Максут Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +77 27 330 4552 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы