KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіру жұмыстары туралы хабарлады

25.06.12 11:27
/KASE, 25.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми (KASE немесе Биржа) тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 25 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақмыс Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіріп жатыр. Жобаның құны $80 млн жуық. Қалпына келтіру жұмыстары фабриканың кенді қайта өндеу қуатын қазіргі 1,8 млн. тоннадан 2,2 млн. тоннаға дейін жеткізуге көмектеседі. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанда мыс, мырыш және қорғасынды аттас концентраттарға бөліп алу арта түседі деп күтілуде. Сонымен қатар бұрын мыс, мырыш, қорғасын концентраттарының құрамында қалып келген бағалы металдар бөлек гравитациялық концентратқа бөлініп алынатын болады. Жобаның аясында ұсату, флотация, реагенттерді дайындау бөлімдерін және дозалау алаңын қайта құру бағдарламасы жасалды. Қолданыстағы диірмендерді жаңалау, сорғы-гидроциклды қондырғыларды құрастыру көзделген. Бүгінгі күні монолитті темір бетонды жону, іргетасқа арналған тас-топырақ қазу жұмыстары жүріп жатыр. Технологиялық жабдықтарды, құбырларды құрастыруға дайындық жасалып, бір қалыпты бұйымдар (өткізгіштер, фланцтер), құбырлардың тіреулері, флотомашиналарға арналған бағаналар мен арқалықтар әзірленуде. Николаев байыту фабрикасын қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылдың екінші тоқсанында аяқталады. "Николаев фабрикасына біз үлкен үміт артудамыз. Қалпына келтіруден кейін фабрика жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Себебі жабдықтарды жаңалау өндірістік көрсеткіштерді арттырумен қатар, еңбек жағдайын жақсарта түседі", - деді "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС филиалы – "Шығыстүстімет" ӨБ директоры Амангелді Минигулов. Николаев байыту фабрикасы Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан. Фабрика 1980 жылы пайдалануға берілген және Артемьев, Юбилей-Снегириха және Николаев кеніштерінің кенін қайта өңдейді. Соңғы рет қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы жүргізілген. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Джон Смэлт Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +44 20 7901 7882 Тел: +44 78 7964 2675 Ирина Третьякова Қаржы талдаушысы Тел: +44 20 7901 7814 Максут Жапабаев Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +77 27 330 4556 Ермек Дюзкенев ШҚО корпоративтік байланыстар жөніндегі менеджер Тел.: +7 7232 59 35 40 Внутренний: 20215 Мерлин Дэвид Саймонсон Тел: +44 20 7726 8400 Мария Бабкина Тел: +44 20 7726 8400 цитата соңы