KASE таңертеңгілік сессиясы: USDKZT_TOD = 149,17 (+0,18), EURKZT_TOD – ұсыныс 188,00
22.06.12 11:41
/KASE 22.06.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен
(USDKZT_TOD) АҚШ доллары, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және
есептесуі АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңертеңгілік
сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдарына осы сессия негізгі болып
табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы
бір долларға 149,17 (+0,18 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі –
295 900 мың. USD (+224 600 мың. USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия
жабылу сәтіне сұраныс бір еуроға 188,00 теңгені құрады, сұраныс болған
жоқ.
Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.
Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік
сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе
олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.