"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) "Өзенмұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері туралы хабарлады

21.06.12 17:36
/KASE, 21.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 21 маусымында биржаға жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп хабарлады: цитата басы "Өзенмұнайгаз" АҚ ("ӨМГ", "Қоғам") бүгін болып өткен Қоғамның директорлар кеңесінің алғашқы отырысының нәтижелерін жариялайды. "Өзенмұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Абат Нұрсейітов сайланды. "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры – басқарма төрағасы болып Абзал Меңдібаев сайланды, бұған дейін ол "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалының директоры міндетін атқарушы болған. Директорлар кеңесінің отырысында Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кеніштерін игеру туралы келісім-шартты ҚМГ БӨ-ден алу жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, жиналыста Басқарма туралы ереже, Корпоративтік хатшы туралы ереже, Бюджеттеу туралы ереже, Есеп саясаты сияқты Қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттар бекітілді. Директорлар кеңесінің отырысынан кейін "Өзенмұнайгаз" АҚ басшылығы еңбек ұжымдары және кәсіподақ өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу барысында Қоғамның еңбек ұжымына 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалының қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" АҚ-на еңбек шарттарына қосымша келісім жасау арқылы өтетіні түсіндірілді. Қызметкерлердің "Өзенмұнайгаз" АҚ өтуі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49 және 285 баптарындағы нормаларға сай жүзеге асырылады, және қазіргі еңбек шарттарында қарастырылған жағдай және қолданыстағы ұжымдық шартта көрсетілген барлық кепілдіктер, өтемақылар мен төлемдер сақталады. цитата соңы