"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Чинаревский кен орнының № 116 ұңғымасынан мұнай өндіру нәтижелері туралы хабарлады

21.06.12 16:33
/KASE, 21.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), Биржаға 2012 жылдың 19 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Мұнай және газды барлау және өндірумен айналысатын "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM) № 116 ұңғыма күткен үміттерді ақтап, күнделікті өндіріс көлемі тәулігіне 945 баррель шикі мұнайды құрайтыны туралы қуана хабарлайды. № 116 ұңғыма Қазақстандағы Чинаревский кен орнының солтүстік-шығысында орналасқан. Қазіргі уақытта оның сипаттамалары мынадай: - Жер қабаты: Төменгі көміртасты Түрней карбонатты жер қабаты - Ұңғыманың аузына қысым жасау кезіндегі бастапқы дебит при 21 бар және штуцер диаметрімен 26 мм: - Шикі мұнай: тәулігіне 945 баррель - Газ: тәулігіне 65 000 куб. м Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_190612.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_190612_e.pdf – ағылшын тілінде.