"Amanat Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) 2,1 млрд теңге көлемінде ірі мәміле жасасуды көздеді

21.06.12 12:19
/KASE, 21.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Amanat Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Биржаға жолдаған ресми хатында "сақтандыру бойынша сомасы 2 062 462 226 (екі миллиард алпыс екі миллион төрт жүз алпыс екі мың екі жүз жиырма алты) теңге көлеміндегі ірі мәміле жасасуды көздеді" деп мәлімдеді.