"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y10C115 (KZ000A0TZW02, BTAIb11) және KZP07Y10C112 (KZ2C00000875, BTAIb16) облигацияларын мерзімінен бұрын өтеуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады

20.06.12 11:04
/KASE, 20.06.12/ – Облигацтялары Қазақстан қор биржасының ресми (KASE немесе Биржа) тізімінде тұрған "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы), Биржаға ресми хат жолдап, 2012 жылдың 25 шілдесінде өзінің келесі облигацияларын мерзімінен бұрын толық өтейтіні туралы хабарлады: - KZP01Y10C115 (KZ000A0TZW02, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb11; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.08.06 – 04.08.16; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,50 %; 30/360); - KZP07Y10C112 (KZ2C00000875, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb16; 100 теңге, 14,0 млрд теңге; 01.04.08 – 01.04.18; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,10 %; 30/360). Аталмыш хатта "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ былай деп хабарлады: Мерзімінен бұрын өтеу шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі орналастыру үлесінің аз болуы аталған бағалы қағаздар шығарылымы бойынша қызмет көрсетудің экономиаклық тиімсіздігіне байланысты жасалады (BTAIb11 бойынша ұстаушылардың қолындағы облигациялардың саны барлығы 78 600 құрайды, ал шығарылым 100 000 000 дананы құрайды, BTAIb16 бойынша 171 800 данасы орналастырылып, 140 000 000 облигация шығарылған). Мерзімінен бұрын өтеу 2012 жылдың 25 шілдесінде облигациялардың номиналды құнын және жинақталған купондық сыйақыны ұстаушылардың жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.