21 МАУСЫМДА БИРЖАДА БІРІНІШІ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕУКАМ-240 (KZKDKY200019) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚАЙТАЛАМА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

15.06.12 17:51
/KASE, 15.06.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 21 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). --------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-240 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKDKY200019 Шығарылымның реттік саны: 1 / 240 KASE сауда-саттық коды: MUM240_0001 Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00 Айналыстағы облигациялар көлемі, дана: 15 000 000 Төлеу күні: 21.06.12 Айналысқа жіберу күні: 24.04.12 Айналыста болудың соңғы күні: 23.04.32 Өтеу күні: 24.04.32 Айналыста болу мерзімі: 20 жыл (7 200 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 5,50 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонды төлеу күні: жыл сайын 24 сәуірде Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ -------------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 15 000 000 Сауда-саттық заты: облигацияның "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша --------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде көрсетілген облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.