/KASE, 15.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы),
Биржаға 2012 жылдың 15 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
цитата басы
Еуразиялық банк ХҚЕС сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікке
сәйкес 2012 жылғы 1-тоқсандағы өзінің қызметінің нәтижелерін ұсынды.
2012 жылдың 1-тоқсанындағы Пайдалар мен шығындар туралы есептің
негізгі көрсеткіштерінің 2011 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырмалы
серпіні:
- Таза кіріс (пайда) 143,2 % ұлғайды;
- провизия есептелгенге дейін операциялық кіріс 46,3% өсті;
- Шығыстардың кірістерге қатысы 13% қысқарып, 58,4% құрады;
- Таза пайыздық кіріс 55% ұлғайды;
- Таза пайыздық маржа (NIM) 48,8% ұлғайып, 6,4% құрады.
- Қарыздардың депозиттерге қатысы 5,49 % өсіп, 98,9% құрады.
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv.pdf –
орыс тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv_kz.pdf –
қазақ тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_1kv_en.pdf –
ағылшын тілінде.