/KASE, 15.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE
немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы),
Биржаға 2012 жылдың 15 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
цитата басы
Еуразиялық банк ХҚЕС сәйкес аудиттелген шоғырландырылған есептілік
деректері бойынша 2011 жылғы қызметінің қорытындылары туралы
жариялады. Қазіргі күні сақталып отырған дүниежүзілік экономиканың
құбылмалылығы мен Қазақстанның банк қызметтері нарығында үдеп келе
жатқан бәсекелестікке қарамастан Банк негізгі көрсеткіштерінің
қарқынды өсуін көрсетті.
2011 жылғы Пайдалар мен шығындар туралы есептің негізгі баптарының
2010 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырмалы серпіні:
- Операциялық шығыстардың кірістерге қатысы (CIR) 31,0% азайып,
52,2% құрады;
- Таза пайда 6,05 млрд теңгеге дейін кӛтерілді, бұл 2010 жылғы
осыған ұқсас көрсеткіштен 991% жоғары;
- Таза пайыздық кіріс 209% жоғарылады;
- Таза операциялық кіріс провизия қалыптасқанға дейін 108,6% өсті;
- Таза пайыздық маржа (NIM) 144% жоғарылап, 6,1% құрады.
цитата соңы
Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында
келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады:
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612.pdf –
орыс тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_kz.pdf –
қазақ тілінде;
-
http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_150612_en.pdf –
ағылшын тілінде.