"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Баян Сұлу" АҚ-ының (Қазақстан) KZ1C24120012 (KZ1C00000165, BSUL) жай акцияларына CFI кодын берді

15.06.12 11:03
/KASE, 15.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 31 мамырында CFI коды (қаржы құралының классификациялық коды) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Қаржы құралдарының классификациясы (CFI коды)" ISO 10962 халықаралық стандарттарына сәйкес, "Баян Сұлу" АҚ KZ1C24120012 (KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) жай акцияларына CFI ESVUFR кодын берді.