"Қазақстанның даму банкі" АҚ Қазақстанның электрэнергетикасы саласына инвестициялар туралы хабарлады

14.06.12 17:48
/KASE, 14.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), Биржаға 2012 жылдың 14 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қазақстан электрэнергетика саласына жасалған инвестициялар көлемі 7 миллиард доллардан асады Индустрияландыру картасы шеңберінде жасалатын қаржы көлеміннің 10% энергетика саласына бөлінеді. Бұл туралы Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) сараптау тобы энергетика өндірісіне салалық шолуда хабарлады. 2000 жылы басталған экономиқалық өсу электрэнергетика қажеттілігінің арттыруына әкеп соқты. Мысалға, 2010 жылдың соңында Қазақстанда сағатына 82,6 млрд. кВт.энергия өндірді, бұл көрсеткіш 2003 жылмен салыстырғанда 30% үлкен. Сонымен қатар елде электроэнергетикаға сұраныс облыстық және салалық қимада біркелкі емес. Электрэнергетиканың 70% еліміздің солтүстік бөлігінде өндіріледі және оның 50%-дан артық бөлігі осы индустриалды өңірде пайдаланылады. Электр энергиясының тапшылығы білінетін еліміздің оңтүстік облыстары болып саналады. «Солтүстік-оңтүстік» желінің екінші тізбегі іске қосылғаннан бері электрэнергетика жетіспеушілігі азайтылды. "Іске қосылып жатқан жаңа өнеркәсіп орындары қосымша қуаттарды талап етпек. Бірақ ҮИИДБ шеңберінде іске қосылып жатқан жаңа энергетикалық нысандары елдің энергетика қажеттілігін теңгерімге келтіріп, оны қамтамасыз ете алады", - деп хабарлады ҚДБ индустриялық саясат департаментінің директоры Сабит Суханов. МҮИИДБ шеңберінде берілген қаражат мөлшері бұрынғы энергетика көздерін, энергетика жүйесінің нысандарын қалпына келтіру, жетілдіру, онымен қатар қуатты өндіру мен инфрақұрылымдық нысандарды салуға бағытталады. Перспективті баланс бойынша 2015 жылға қарай электрэнергетика тұтыну мөлшері сағатына 100,5 млрд. кВ-қа жетпек. Осыған байланысты, жылдық қосымша энергетика қажеттілігі шамамен 11,5 млрд.кВт-ты құрайды. Энергетиканың мұндай көлемі экономиканың 7% қарқындығымен өсуін қамтамасыз ету үшін талап етеді. 2010 жылы Қазақстанда өндірілген электроэнергияның 90,3% жылу электр стансасы, ал қалған бөлігі – су электр стансасы бергенін атап кеткен жөн. Болашақта энергетикалық жобаларды қаржыландыруда дәстүрлі энергетика көздері (жылу және су энергетикасы) болып қала береді. Бірақ сонымен қатар, жаңартылмалы энергия көздерін қарастырған жөн. Бұл даму жағынан потенциалы жоғары болып саналатын жел күшімен, күн көзімен істейтін және кіші мөлшерлі су электр стансалары. цитата соңы