2012 жылдың 11 маусымынан бастап Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағидаға енгізілген түзетулер күшіне енеді

13.06.12 11:47
/KASE, 13.06.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 06 қазанындағы шешімімен "Сауда- саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына # 7 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 02 желтоқсанында келісімдеді және 2012 жылдың 11 маусымынан бастап күшіне енеді. Түзетулер сауда-саттықтарды өткізудің жаңа әдісін – жазылу әдісін қолданысқа енгізуге байланысты енгізілді, бұл әдісте сатушы өз қалауы бойынша сауда-саттық жүйесіне берілген кез келген өтінімді толық немесе жартылай көлемде қанағаттандыруға құқылы, түзетулер осындай тәсілмен сауда-саттықтарды өткізудің параметрлерін, күнін және уақытына қатысты орын алды. Жазылу тәсілімен сауда-саттықтарды өткізу KASE жеке ішкі құжатында сипатталған. Бұған қоса, түзетулер арқылы: - қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар тәртібі реттеледі; - келісім-шарттық мәмілелерді жасау мүмкіндігін болдырмау бойынша шараларды анықталды; - тізімі KASE Басқармасымен анықталған, бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша өтінімдерді қанағаттандыру тәртібі анықталды; - арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер салдары анықталды. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жақын арада жарияланатын болады.