"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің жалғыз акционерінің 2012 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады

12.06.12 15:56
/KASE, 12.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), Биржаға 2012 жылдың 29 мамырында өзінің жалғыз акционері келесідей шешімдер қабылдағаны туралы хабарлады: 1) Қоғамның акционеріне 2011 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 127 (жүз жиырма жеті) теңге 66 (алпыс алты) тиын есебінен дивидендтер төлеу 2) Дивидендтерді төлеуді бастайтын күн ретінде 2012 жылдың 13 маусымын белгілеу 3) Дивидендтерді төлеу мерзімі – 2012 жылдың 31 желтоқсаны 4) Дивидендтердің төлемін төлем агентінің қатысынсыз, ақшалай аударма жасау арқылы төлеу 5) Қоғамның Басқармасы Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін 2009 ж. және 2010 ж. қызметінің қорытындылары бойынша 1) Қоғамның акционеріне 2009 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 333 (үш жүз отыз үш) теңге 34 (отыз төрт) тиын есебінен, 2010 жылдың қорытындылары бойынша - бір акцияға 1428 (бір мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге 57 (елу жеті) тиын есебінен дивидендтер төлеу 2) Дивидендтерді төлеуді бастайтын күн ретінде 2012 жылдың 13 маусымын белгілеу 3) Дивидендтерді төлеу мерзімі – 2012 жылдың 31 желтоқсаны 4) Дивидендтердің төлемін төлем агентінің қатысынсыз, ақшалай аударма жасау арқылы төлеу 5) Қоғамның Басқармасы Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.