2012 жылдың 15 маусымында "Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1P40310115 (ASBNp1) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр

12.06.12 12:05
/KASE, 12.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), Биржаға хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ (мекен-жайы: 050004, Алматы қ., Фурманов көш., 50 үй, ҚР Ұлттық Банкі ТЖБ-дағы ЖСК 900161265, СТН 451800015025, БСК 190201125) акционерлеріне артықшылықты акциялар бойынша 2011 жыл үшін дивидендтердің төленуі жөнінде хабарлайды. Бір артықшылықты акцияға бөлгендегі дивиденд мөлшері 100 (жүз) теңгені құрады. Төлем 2011 жылғы 31 желтоқсан 00:00 сағ. жай-күйіне түзілген акционерлердің реестріне сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерге 2012 жылғы 15 маусымда жасалады. Дивидендтерді төлеу ақшаны акционерлердің – Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушылардың банктік шоттарына қолма-қол ақшасыз тәсілімен есепке қосу арқылы жүзеге асырылады. Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады: 050004, Алматы қ., Фурманов көш., 50 үй, 4-қабат, 419 каб., Қазынашылық операциялар Департаменті, Қасымбаева Жанар, тел: 258 40 40 (52422). цитата соңы