/ҚАЙТАЛАУ/ "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ 2012 жылдың 13 маусымында "Қазақстанның даму банкі" АҚ исламдық сукук облигацияларының шығуы мүмкіндігі аясында потенциалды инвесторлармен кездесулер өткізгені туралы хабарлады

12.06.12 11:21
/KASE, 12.06.12, 11.06.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), бүгін Биржаға ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), рейтингілері BBB+ (Standard & "Қазақстанның даму банкі" АҚ, рейтингілері BBB+ (Standard & Poor’s) /BBB- (Fitch) /Baa3- (Moody’s), жақын арада нарықтық жағдайға қарай өзінің 1,5 миллирад малайзиялық ринггит көлемінде исламдық Сукук облигацияларының шығарылымы бойынша орташа мерзімдік бағдарламасы аясында өзінің исламдық Сукук облигацияларын орналастыру мүмкіндігіне байланысты "Halyk Finance” АҚ, "HSBC Amanah Malaysia Berhad” және "The Royal Bank of Scotland Berhad” компанияларына Біріккен Жетекші менеджерлер және Букраннерлер ретінде 2012 жылдың 12 маусымына Қазақстанда және Малайзияда потенциалды инвесторлармен кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. Сукук облигацияларының Бағдарлама аясындағы шығарылымы Шариғаттың қағидаларына сәйкес биржалық тауарларды негізгі актив ретінде пайдалану арқылы Сукук аль-Мурабаха үлгісінде жүзеге асырылады. Бұл Малайзияның Бағалы қағаздар бойынша Комиссиясы тұсындағы Шариғат бойынша Консультативті кеңесі мақұлдаған Шариғаттың қағидалары мен концепцияларының бірі болып табылады. "Halyk Finance" АҚ Қазақстан территориясындағы роудшоу аясында потенциалды қазақстандық инвесторлар үшін 13 маусымда Алматы қаласында алматы уақытымен сағат 15:00-де Абай даңғ., 109 "В", 5-ші қабат, 503 к. мекен-жайы бойынша орналасқан "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ғимаратында презентациялар өткізілетіні туралы жариялады. Барлық сұрақтарыңыз бойынша, сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін және презентацияға қатысуға тіркелу үшін "Halyk Finance" АҚ келесі өкілдерімен хабарласуларыңызды сұраймыз: Фархад Охонов, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz Олег Хван, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: OlegH@halykbank.kz "Қазақстанның даму банкі" АҚ Қазақстанның шикізаттық емес секторын қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық институты болып табылады. "Қазақстанның даму банкі" АҚ акцияларының 100 пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі.