/ҚАЙТАЛАУ/ "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ 2012 жылдың 13 маусымында "Қазақстанның даму банкі" АҚ институтционалды қазақстандық инвесторлар үшін презентациялар өткізетіні туралы хабарлады

12.06.12 09:52
/KASE, 12.06.12, 07.06.12 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі (KASE немесе Биржа) болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы), бүгін Биржаға ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады: "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – "Банк"), рейтингілері BBB+ (Standard & Poor’s) /BBB- (Fitch) /Baa3- (Moody’s), 2012 жылдың 13 маусымында Қазақстанның институтционалды инвесторларымен кездесу өткізеді. Кездесудің түпкі мақсаты нарықты Банкті қорлау бойынша соңғы нәтижелермен және жетістіктермен, сонымен қатар стратегиялық болашағы және жоспарларымен таныстыру болады. Банк 13 маусым күні сағат 15:00-де "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ғимаратында Алматы қ. Абай даңғылы, 109 "В", 5-ші қабат, 503 к. мекен-жайы бойынша қазақстандық институтционалды инвесторларға арналған презентация өтетінін жариялайды. Барлық сұрақтарыңыз бойынша, сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін және презентацияға қатысуға тіркелу үшін "Halyk Finance" АҚ келесі өкілдерімен хабарласуларыңызды сұраймыз: Фархад Охонов, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz Олег Хван, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: OlegH@halykbank.kz "Қазақстанның даму банкі" АҚ Қазақстанның шикізаттық емес секторын қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық институты болып табылады. "Қазақстанның даму банкі" АҚ акцияларының 100 пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі.