EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдік) Р. Берроуз және М. Халил атқарушы емес директорлар болып тағайындалғандығы туралы хабарлады

08.06.12 12:45
/KASE, 08.06.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 01 маусымындағы хабарламасын жолдап, "2012 жылдың 25 мамырында Ричард Берроуз мырза және Мохсен Халил д-р Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының атқарушы емес директорлары болып тағайындалуы" туралы хабарлады.