KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Корольдік) "РусГидро" ААҚ (Ресей) шағын гидроэнергетика саласындағы келісімге қол қойғаны туралы хабарлады

08.06.12 12:28
/KASE, 08.06.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), Биржаға 2012 жылдың 08 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 7 маусым күні, Астанада, РФ Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақмыс Тобы мен ресейлік «РусГидро» ААҚ-ның арасында шағын гидроэнергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук және «РусГидро» ААҚ-ның Басқарма төрағасы Евгений Дод қол қойды. Келісімде Қазақстан аумағында жалпы қуаттылығы 300 МВт болатын шағын гидрогенерация нысандарын салу үшін бірлескен кәсіпорын ашу көзделіп отыр. Келісімге қол қойылмастан бұрын Қазақстанның шағын өзендерінің гидропәрменін зерттеу бойынша Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жұмыс атқарылған болатын. Нәтижесінде, шағын ГЭС құрылыстары үшін сай қолайлы алаңдар анықталды. Бастапқы кезеңде Қазақмыс пен РусГидро жалпы қуаттылығы шамамен 108 МВт-қа жететін жеті шағын ГЭС-терді Алматы облысының аумағында салу мүмкіндігін пысықтап алуға ниетті болып отыр. Келешекте шағын гидроэнергетиканың қосымша нысандарын салу әрі шағын ГЭС-тердің жалпы қуаттылығын 300 МВт-қа жеткізу мәселелері зерделенетін болады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_080612.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_080612_kz.pdf – қазақ тілінде.