07 маусымда биржада "ДОСЖАН ТЕМІР ЖОЛЫ (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізілмеді деп жарияланды
07.06.12 18:05
/KASE, 07.06.12/ –Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа)
2012 жылдың 07 маусымында Биржада "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ
KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "екінші санатшаның
рейтингілік бағалауы жоқ" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд
теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жарты
жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,75 %; 30/360)
сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы
өткізілгенін хабарлайды.
Сауда-саттықта эмитент 3 899 000 KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық
облигациясын сатып алуды жоспарлаған (осы шығарылымның
орналастырылған облигацияларының 13,2 % пайызы).
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы "Альянс Банкі" АҚ
болды.
Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл
көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген,
облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды.
Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы
уақытымен (ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа
тек шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданды. Шектелімді
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатып
алушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің
бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE тоғыз мүшесі қатысты, олар он алты өтінім
жасады. Өтінімдер кезеңінің аяқталу сәтінде 920 276 870 облигацияны
сатуға 15 ордер белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы
ұсыныс сұраныстың 236,0 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі
"таза" бағалар 71,7778 % (жылдық 13,0 %) және 116,5801 % (жылдық
7,0 %) деңгейінде болды. Орташа сараланған "таза" баға 83,6653 %
(сатып алушының өтеуіне жылдық 10,9 %) құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы
субъектілерінің үлесі - 99,9 %, қазақстандық екінші деңгейлі
банктердің үлесі – 0,1 %, брокерлік-дилерлік компаниялар
клиенттерінің үлесі – 0,002 %.
Сатып алуға өтінімдердің жиынтық тізімдемесінің мәліметтерін
қарастырып, ұсынылған баға күткен бағадан жоғары болуы себебінен,
эмитент осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп
жариялады.