"Қазкоммерцбанк" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады

07.06.12 17:23
/KASE, 07.06.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанк" АҚ 2012 жылдың 07 маусымындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Казкоммерцбанк, ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2012 жылдың 1-тоқсаны бойынша қызметінің нәтижелерін жариялады. Негізгі көрсеткіштер - Банктің таза пайдасы 2011 жылдың 1-тоқсанындағы 5,9 млрд. теңгеден 6,4 млрд. теңгеге дейін, яғни 7,0%-ға ұлғайды. - Түзетілген таза пайыздық маржа 3,8% құрады. - «Провизиялар есептелгенге дейінгі операциялық кірістерге қатысты операциялық шығындар» көрсеткіші 2011 жылдағы 25,9%-бен салыстырғанда 19,9% құрады. - Жыл басынан бері бөлшек депозиттердің көлемі 4%-ға артты. - Жыл басынан бері брутто қарыздары 1,3%-ға артты. - 1-ші деңгейдегі капиталдың баламалылық коэффициенті 18,7% дейін өсті (2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 18,6% салыстырғанда). - Банктің меншікті капиталының баламалылық коэффициенті 22,7% дейін өсті (2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 22,3% салыстырғанда). - Клиенттерге берілетін несиелер бойынша резервтеу мөлшерлемесі 24,6% дейін артты. - Әрекет етпейтін қарыздар жалпы несие көлемінен 28,3% құрады. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_070612.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_070612_e.pdf – ағылшын тілінде.