"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) № 24 ұғымадан мұнай өндіру көлемінің тәулігіне 1 184 баррельге дейін ұлғайғаны туралы хабарлады

07.06.12 15:27
/KASE, 07.06.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), Биржаға 2012 жылдың 06 маусымындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай ждеп хабарлады: № 24 ҰҢҒЫМАДАН ТӘУЛІГІНЕ 1184 БАРРЕЛЬ КӨЛЕМІНДЕ МҰНАЙ ӨНДІРУ КҮТПЕГЕН ЖАҒДАЙ БОЛДЫ Мұнай және газ барлау және өндірумен айналысатын "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері ZKM) № 24 ұңғымадан тәулігіне 1184 баррель мұнай көлемінде өндіріс жүріп жатқаны туралы қуана хабарлайды. № 24 ұңғыма. Өндірістің мұндай көлемі көздеген жоспардан 50% асып түсті. № 24 ұңғыма Қазақстандағы Шынар кен орнының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Оның қазіргі параметрлері келесідей: - Өнімді жер қабаты: Төменгі көміртекті Турнейлік карбонатты - Ұңғыманың бастапқы дебиті (26 бар қысымында және шаптырма штуцерінің диаметрі 18 мм болғанда): - Шикі мұнай: тәулігіне 1184 баррель - Ілеспе газ: тәулігіне 89 285 м3 Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқаларымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_060612.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_060612_e.pdf – ағылшын тілінде.